Ұлттың денсаулығы

Биылғы жылы Алматы облысында 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда

Биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 3,2 млрд. теңге болатын 22 денсаулық сақтау нысаны салынуда. Оның 10-ы ауылдық дәрігерлік амбулатория, 8-і фельдшерлік акушерлік пункт. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы22 Ақпан , 17:56

Мәселен, өткен жылы облыс орталығында 300 орынға арналған көп салалы аурухана ашылған болатын. Оған қоса 1,6 млрд. теңгеге 14 медициналық нысан жөндеуден өтті.

Санитарлық автокөлікпен қамту деңгейі 87 % жетіп, медициналық құралдармен жабдықталу 81 % құрады.

Сонымен қатар Талдықорған қаласында өткен жылы медицина мамандарына арналған 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімінің грантымен 85 студент еліміздің медициналық ЖОО-ларында оқып жатыр.




Яндекс.Метрика