Энерготиімділік

Талдықорғанға көгілдір отын мамыр айында жеткізіледі

Тұңғыш рет Талдықорған қаласының тұрғын үйлеріне мамыр айында көгілдір отын кіргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов қорытынды есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы22 Ақпан , 17:18

А. Баталовтың айтуынша, газдандыру мәселесін шешу тек қана бюджет есебінен емес, Еуропалық даму банкінің займы және жеке инветорлар тарту есебінен де жүргізілуде.  

Қазіргі кезде Көксу және Іле аудандарында 976,1 млн. теңгеге екі АГРС салынды, құны 4,7 млрд. теңге болатын «Талдықорған» АГРС-інің және қалаішілік желілердің 1-ші кезегінің монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Биылғы жылы Талдықорған қаласының желілерінің төртінші кезегінің құрылысы басталады, екінші және үшінші кезегіне республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінуде.

Оған қоса 1,5 млрд. теңгеге Талдықорған-Текелі магистралды газ құбырының, Қарабұлақ ауылының және Ескелді ауданының 8 елді мекенінің  ауылішілік желілерінің құрылысы қарастырылған.

Жалпы Жетісу өңірінің 410 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылатын болады.




Яндекс.Метрика