Өңірлер

ШҚО-да сүт кәсіпорындарының қуаттылығын 60 пайызға ұлғайту көзделген

Сүт және сүт өнімдерін өндіру көлемін одан әрі ұлғайту үшін облыста тауарлы-сүт фермаларын салу және қайта жаңарту арқылы қуаттылығын ұлғайту, қосымша сүт қабылдау пунктерін құру және тұрғындардан сүт сатып алу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасады.
Шығыс Қазақстан22 Ақпан , 16:34

Тұрғындарға есеп беру кездесуінде облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылы облыс аумағында 23 тауарлы-сүт фермасы мен 50 сүт қабылдау пункті құрылғанын атап өтті. Алайда, соның 70 пайызы жеке қосалқы шаруа қожалықтарының есебінде тұр екен. Осы көрсетілген нәтижеге қарағанда сүт өндірушілердің үштен бір бөлігі ғана толық әлеуетін пайдаланған. Ағымдағы жылы сүт өндеуші кәсіпорындар қуаттылығы жүктемесін 42-ден 60 пайызға ұлғайтуға, сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін толық пайдалануға және табыстарын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі.

2017 жылы өңірімізде 18 тауарлы-сүт ферманың құрылысы қайтадан жарақтандырылып, халықаралық талаптарға сәйкестендірілмек. Қайтадан жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде 60 ТСФ және 60 сүт қабылдау пункті ашылады.

Қазір тұрғындар арасында сүт қабылдау пунктері мен қайта өндеуші кәсіпорындар базасында жеке үй шаруашылықтарын кооперативтерге біріктіру жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал жеке қосалқы шаруашылықтарында мал тұқымын асылдандыру үшін  шағын несиелендіру жүйесі арқылы  тұрғындар асыл тұқымды мал сатып алуға мүмкіндік алды.

Ірі тауарлы-сүт фермаларын (400 және одан көп бас) салуға және қайта жаңғыртуға инвестиция құйған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ағымдағы жылы жоғарылатылған нормативті субсидиялау бойынша шығындарды өтеу жоспарланған.

Құрылған инфрақұрылым ағымдағы жылы  сүт өндіру, сатып алу және қайта өңдеу бойынша 12 қанатқақты кооператив ұйымдастыруға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика