Өңірлер

ШҚО аграршылары 73 ауылшаруашылық кооперативіне бірікті

Шығыс Қазақстан облысында 73 ауыл шаруашылық кооперативі жұмысын бастады. Шаруалар етті қайта өңдеу, балық өсіру, ара шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы бойынша шаруашылықтарға тоғысты.
Шығыс Қазақстан22 Ақпан , 18:37

Шығысқазақстандықтардың 40 пайызы ауылды жерде тұрады. Олардың әл-ауқатын жақсарту - облыс басшылығы үшін басымды міндет болып табылады. Өзін-өзі асыраушыларды ауылшаруашылық кооперативтеріне біріктіру шетелдік тәжірибеге негізделген осы бағыттағы оңды қадам.

ШҚО-да ауылшаруашылық кооперативтеріне шоғырлану жөнінде жүргізілген ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары өз жемістерін бере бастады. Аймақ тұрғындары 73 кооперативке біріксе, олардың 47-і етті қайта өңдеу, 5-і балық өсіру мен ара шаруашылығы, 16 өсімдік шаруашылығы бағыттарына жатады. Олардың әрқайсысына 20-дан кем емес қатысушы кіреді. Бірігу ауыл тұрғындарына қосымша субсидиялар алуға, құрал-жабдыққа кеткен қаражаттың 50 пайызын қайтарып алуға,  өз өнімдерін саудалайтын нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Зауыттар күн сайын бір жерден белгіленген баға бойынша сүтті алып кету үшін көлік жіберуге дайын. Бұл шаруаларға өте тиімді. Кооператив мүшелеріне өзіндік бағасы бойынша таратылатын азық сатып алуға болады, ветеринарлық қызметтер үнемі көрсетіліп тұрады, қолдан ұрықтандыру мүмкіндігі туады, өйткені, кооператив ірі кәсіпорын деп саналады да, селекциялық жұмыстарды жүргізудің мағынасы болады. Кооператив ерікті түрде кіруге, демократиялық басқаруға негізделген. 

Жыл аяғында сүтті өндіру, сатып алу және қайта өңдеу бойынша 12 қанатқақты кооператив құру жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысының сүт зауыттары мен ет өңдеу кәсіпорындарының қуаты қайта өңдеуді 35 пайыздан 105 мың тонна сүт пен 20 мың тонна етке дейін арттырады. Демек, тұрғындардың өнімдерін сататын нарықтың шеңбері артады, яғни, кірістері әлдеқайда көбейеді деген сөз.

Айта кетерлігі, ШҚО-да ет өндіру 5,8 пайызға, сүт өндіру 5,9 пайызға, жұмыртқа өндіру 1,9 пайызға артты. Сүт өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша облыс республикада бірінші орында, еттен – екінші, жұмыртқадан – тоғызынша орында тұр.

 




Яндекс.Метрика