EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесінде 20 мың еуро мөлшерінде «Ғарыш» сыйлығы табыс етілмек

ЭКСПО-2017 көрмесінде болашақтың энергиясы саласындағы үздік инновациялық жоба үшін 20 мың еуро мөлшерінде «Ғарыш» сыйлығы табыс етіледі. Бұл жөнінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаментінің директоры Илья Оразақов ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының үшінші отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы22 Ақпан , 12:48

«Бұл ЭКСПО-90 халықаралық қоры мен Халықаралық көрме бюросы негізін қалаған әлеуметтік жоба. Ол ЭКСПО-2017 көрмесі аясында осымен бесінші рет табысталып отыр. Сыйлықақы мөлшері - 20 мың еуро, жобаны дамытуға арналған стартап түрінде табысталады. Сыйлықақы әлеуметтік саладағы үздік және анағұрлым инновациялық жобалар үшін беріледі. Астанаға қатысу үшін барлық елдер шақырылып отыр», - деді И.Оразақов.

Құжатқа "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес және Expo '90 жапондық қорының басшысы Нориаки Отсуки қол қойды.

«Бұл әлеуметтік жоба, оған ХКБ қатысушы барлық елдер, 160-тан астам ел, олардың тұрғындары мен ұйымдары шақырылады. ХКБ мүшелерінен арнайы қазылар алқасы құрылады, байқаудың арнайы тақырыбы жарияланады. Қазылар алқасы қорытынды жасағаннан кейін біз оларды ЭКСПО сайтында орналастырамыз, көрменің жабылуы алдында қазылар алқасы сыйлықты табыс етеді», - деп хабарлады В.Лоссерталес.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика