Экономика

ШҚО-ның ірі өнеркәсіптері мен ЖОО меджабдықтар жасау үшін бірігіп отыр

Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті өнеркәсіптерді дамытуға жұмсалады. Ғалымдар мен студенттер жаңа өндірістерді ашу мақсатында жұмыла іс атқармақ. Осынау бірлескен жұмыс аясында медицина мен мұнай-газ өндірісі үшін титан мен танталдан әртүрлі бұйымдар дайындау ісі жолға қойылмақ.
Шығыс Қазақстан 22 Ақпан, 14:02

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен  аймақтың ірі өнеркәсіп орындарының бірлескен жұмысының алғашқы қарлығашы құны 8 млрд. теңге тұратын 10  жоба болмақ. Халық алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары аймаққа не беретінін айтты.

« Нәтижесінде облыста титан және тантал өнімдерін дайындаудың  жоғары технологиялық өндірістері  пайда болып, медицина мен мұнай-газ саласы өнеркәсіптері үшін жоғары желілер ашылмақ, сонымен қатар, «өнімсіз» кендерді қайта тиімді өңдеп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартады», - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіп орындарында  НИОКР коммерциализациялаудың  нәтижесі алынды.

Бұдан басқа бұл бағыттағы жұмыстарға «Казцинк» ЖШС, «Казминералс» ЖШС-нің « Востокцветмет» корпорациясы,   «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен Германия, Ресей және Франциядағы  серіктестер жұмылдырылып отыр.





Яндекс.Метрика