ҚР Президентінің Жолдауы

ҚР Президентінің Жолдауы экономикалық блокқа көбірек назар аударуға шақырады – Прокопенко

ҚР Президентінің Жолдауы экономикалық блокқа көбірек назар аударуға шақырады, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко Мемлекеттік басқару академиясында ҚР Президентінің Жолдауы бойынша өткен дәріс барысында.
Астана қаласы22 Ақпан , 11:43

«Өткен және биылғы жылдың барлық оқиғалары мемлекетімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясатқа да байланысты. Жалпыұлттық бірлік пен келісімді тек идеологияның, ұран мен ізгілік негізінде ғана дамыту өте қиын екенін барлығымыз білеміз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қазір экономикалық блокқа көбірек назар аудару қажеттігін атап өткен болатын, себебі әлемде айтарлықтай күрделі өзгерістер болып жатыр. Біз артта қалып қоймай, одан әрі ілгерілеуіміз керек», – деді Л. Прокопенко.

Сондай-ақ, спикер тұрақты экономикаға маңызды қадам болып табылатын өнеркәсіптік революция тарихы туралы да айтып өтті.

«Қазіргі заманда қандай негізгі тәуекелдер мен қауіп-қатерлер туындайды? Президент жаңа Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революцияның басталғалы жатқанын айтты. Әрбір өнеркәсіптік революция қоғамдағы үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі және олар көптеген жылдар бойы жалғасады. Осының нәтижесінде әлеуметтік экономикалық құрылыс толық өзгереді», – деді Л. Прокопенко.

Сондай-ақ, ол ҚХА елдегі қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығына айналатынын және  даулардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша ассамблеяның медиация орталығы ашылғанын атап өтті.

Айта кетейік, дәріс базасында конституциялық реформаны және ҚР Президентінің Жолдауын талқылауға арналған ҚХА ғылыми сараптамалық кеңесінің отырысы өтеді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика