ҚР ИИДМБ

Алматы облысындағы 5 индустриалды аймақ құрылады

Алматы облысындағы 5 индустриалды аймақ құрылады. Бұл туралы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен өзінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі А. Баталов хабарлады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы22 Ақпан , 13:48

Алматы облысындағы тағы 5 индустриалды аймақ құрылады. Атап айтқанда, Іле ауданында «Боралдай», Талғар ауданында «Қайрат», Жамбыл ауданында «Қазыбек бек», Қапшағай қаласында «Арна» және «G-4 City» серіктес қаласының аумағында «Береке» индустриалды аймақтары жұмыс істейтін болады.

А.Баталов индустриалды аймақтарды құру ісін инвесторлар тартудың тиімді механизмі ретінде атап өтті.  

Мәселен, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Талдықорған қаласында «Талдықорған» индустриалды аймағының инфрақұрылымының құрылысы толығымен аяқталды.

Соның нәтижесінде  бүгінгі күні облыстағы индустриалды аймақтардағы өнім өндіру үлесі 20 % артқан (2016 жылы 137,4 млрд. теңге) және бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсе түсетін болады.

 




Яндекс.Метрика