EXPO-2017

117 мейманхана, 169 қонақ үй және 36 хостел ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін қонақтарды күтіп алуға дайын

Туристер ЭКСПО-2017 келуге барлық мүмкіндікке ие болады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының III отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы 22 Ақпан, 11:32

«Көрме уақыты жақындаған сайын атқарылған жұмыстар тізімін айтқым келеді. Бұл біз  үшін  оңтайлы тәжірибе. Біз астана халықаралық әуежайының құрылысын аяқтадық. Ол жерде туристерге арналған тіркеу бюросы барынша көп болады. Жаңа вокзал ашуды жоспарлап отырмыз. Барлық туристер ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалай алады», - деді Ә.Исекешев.

Әкім айтып өткендей,  бүгінгі таңда  117 мейманхана,  169 қонақ үй  және  36 хостел ЭКСПО қонақтарын қарсы алуға әзір.

«Олардың барлығы туристерді қабылдауға дайын. Біз әр түрлі  компаниялармен ынтымақтастық орнаттық, олар да көрмеге қатысатын болады. Такси-жоба   call-орталықты қамтиды,  ол жерде  5 тілде  ақпарат беріледі», - деді Ә.Исекешев.

Қала басшысы бүгінгі таңда Астанада   160 мейрамхана бар екенін айтты. Олар шетелдік қонақтарға да қызмет көрсетіп келеді.

«Қауіпсіздік қамтамасы ету үшін мыңдаған  қатысушы жұмылдырылды. Қала бойынша  3 мың бейнебақылау камералары орнатылған, себебі қауіпсіздщік бәрінен жоғары.  380 автобус мейманханалар мен көрме нысандары арасында қатынайтын болады", - деді ол.

Қайрат Жандыбаев 





Яндекс.Метрика