Адами капитал

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 1 қаңтарда 6 трлн теңгеден асты – БЖЗҚ

2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша БЖЗҚ салымшыларының жинағы 6 трлн 685 млрд теңгені құрады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ хабарлады.
Астана қаласы22 Ақпан , 14:32

Жеке  зейнетақы  есебінің саны – 9,8 млн бірлікті құрады,  оның ішінде міндетті медициналық  салым  9,4 млн есепті, кәсіптік  салым  400 мың  және өз еркімен салым көрсеткіші  36,5 мың есепті құрады.

2016 жылы БЖЗҚ-ға 698 млрд теңге зейнетақы барлық келісім түрлері бойынша салынды.  Өткен жылғы көрсеткішпен өсім  15  пайызды қрап, міндетті  зейнетақылық  салым 666, 6 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2016 жылғы 12 ай ішінде 7,95% болды. Зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенін айта кету керек.

2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 169,69 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар – 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиісінше 24,23 млрд. теңге болды. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика