EXPO-2017

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары тиімді әрі сапалы жұмыс істеп жатыр – Лоссерталес (ФОТО)

ЭКСПО-2017 шарасына дайындықтың барлық кезеңінде ұйымдастырушылар сапалы әрі тиімді жұмыс істеді. Бұл туралы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының III отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы 22 Ақпан, 11:09

«Біз қазір көрменің ашылуын рационалды және сенімділікпен өткізуге назар аударуымыз керек. Барлық қатысушылар  ЭКСПО-2017 дайындығында тиімді әрі сапалы еңбек етті», - деді В.Лоссерталес.

Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушыларының жұмысы туралы айтып өтті.

«Ұйымдастырушылар  көрмені өткізуге аса үлкен жауапкершілікпен қарады, біз соңғы дайындық үстіндеміз. Біздің  аталмыш кезеңдегі  бірлескен  еңбегіміз  табысқа әкеледі. Бұл кездесу баршамызға өте маңызды. Өткізіліп жатқан кездесулер мен келіссөздер, шаралар көрменің жоғары деңгейде ашылуына жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Абзал Қалиев 





Яндекс.Метрика