EXPO-2017

А.Мамин: ЭКСПО-2017 - инновациялық технологияларды дамытудың платформасы (ФОТО)

ЭКСПО-2017 - инновациялық технологияларды дамыту платформасы, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушыларының III отырысында.
Астана қаласы 22 Ақпан, 11:03

«Аталмыш оқиға біздің бірлескен еңбегіміз,  ол сәтті шараға алып келуі керек. Халықаралық көрменің басталуына аз уақыт  қалды. Бүгінгі кездесу  қорытынды  және   ЭКСПО-2017 қатысушыларын  қарсы алуға  дайындық», - деді А.Мамин.

Ол айтып өткендей, бүгінгі таңда Қазақстан зерттеу, ғылым  және энергетика  саласында ілгері жылжып келеді.

«Біз технологиялық жаңару мен бизнес орталықтың  дамуына ерекше көңіл бөлдік. Тек  қана энергетикалық әртараптануды емес, қаржылық  және инновациялық секторды алып  жүретін боламыз», - деді А.Мамин.

Қайрат Жандыбаев 

Фото: Абзал Қалиев 





Яндекс.Метрика