Өңірлер

Павлодар облысында "Сарыарқа" бағдарламасы бойынша 26 жоба қолдау алды

Павлодар облысында "Сарыарқа" бағдарламасы бойынша 350 млннан астам сомаға 26 жоба мақұлданды, деп хабарлады "Даму" қоры.
Павлодар23 Ақпан , 09:32

2016 жылдың көктемінде Павлодар облысы әкімдігі мен «Даму» Қоры меморандумға қол қойып, құжат бойынша 500 млн теңге бөлінді. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу үшін облыстық әкімдіктен 250 млн теңге босатылды. Аймақтық бағдарламаны іске асыруға бес банк бекітілді.

«Сарыарқа» өңірлік бағдарламасының мақсаты – ауылдық жерлердегі, шағын қала, және моноқала кәсіпкерлеріне қолдау көрсету болып табылады. Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 8,5% құрайды. Қарыз өндірісті жаңғыртуға (84 ай дейін) және айналым капиталы қаржыландыру (36 айға дейін) үшін беріледі. Бағдарламаның салалық шектеуі жоқ.

Бүгінгі күні аймақтық бағдарлама бойынша 350 млннан астам сомаға 26 жоба мақұлданды.




Яндекс.Метрика