Ұлттың денсаулығы

Ақтауда қазіргі заманға сай спорттық кешен ашылды

Бүгінде заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл - 3 қабатты, әкімшілік ғимаратының жалпы алаңы 2 200 шаршы метр, халықаралық стандарттарға сай, яғни футболға, волейбол және баскетбол ашық алаңда өтетін, жалпы аумағы 800 шаршы метрді қамтитын кешен.
Маңғыстау22 Ақпан , 12:34

«Даму»  қоры хабарлағандай,  «Батыр» спорт кешені Ақтау қаласындағы 34а шағын ауданында орналасқан. «Forte Bank» АҚ арқылы 84 ай мерзімге, жылына 14 пайызбен, 100 млн теңге несие алынып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жоба субсидияланды.

 Нәтиәжесінде кәсіпкер 14 пайыздың 7 пайызын төлейді, ал қалған 7 пайызын мемлекет қайтарымсыз негізде өтеп береді.

Бүгінде заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл - 3 қабатты, әкімшілік ғимаратының жалпы алаңы 2 200 шаршы метр, халықаралық стандарттарға сай, яғни футболға, волейбол және баскетбол ашық алаңда өтетін, жалпы аумағы 800 шаршы метрді қамтитын кешен.

Жабық зал мінбелерімен қосқанда 800 адам сыяды. Жаттығу залы, киім шешетін бөлмелер, суға түсетін және өзге де залдар, панкратион, спорттық гимнастика, аэробика және басқа спорт түрлеріне арналған орындар бар. 5 ақпан күні «NFC» клубы ұйымдастырған «Бiз бiргемiз» жобасы шеңберінде облыстың ашық чемпионаты өтті. Кәсіби спортшылар мен әуесқойлар жауынгерлік ұрыстың бірнеше түріне қатысқан болатын. Біріншілік 12 жекпе-жек бойынша өткізілді.




Яндекс.Метрика