Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда МӘМС мемлекет салымдары өзгертілді

ҚР Үкіметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасына түзетулерді мақұлдады. Бұл жөнінде primeminister.kz хабарлады.
Астана қаласы22 Ақпан , 12:16

"Қорға төленуі тиіс МӘМС-ға мемлекеттің жарналары келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 3,75 %; 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 %; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 пайыздан кем емес, бірақ 5 пайыздан артық еме", - делінген хабарламада.

Бұл тұста мемлекет жарналарының көлемі жыл сайын сәйкес қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін болады.

Жұмыс берушілердің МӘМС бөлетін сомаларын келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады: 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 1%; 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 1,5%; 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 2%; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап – бөлген соманы есептеу нысанынан 3%.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың; Қазақстан Республикасынан тысқары шыққан азаматтардың, сонымен қатар басқа да төлеушілердің (еңбекке қабілетті жастағы, белсенді емес тұлғалардың) жарналарын ең төменгі айлықтың  5% көлемінде белгілеуді ұсынады.

МӘМС жүйесін енгізуге байланысты заң жобасында әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сонымен қатар аталған тұлғалар санатындағы зейнетақы төлемдерін алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмекті ұсыну мәселелері реттелген. 

Заң жобасында Қорды МӘМС жүйесінде, сонымен қатар КТМКК аясында бірыңғай төлеуші ретінде айқындау ұсынылады. Осыған байланысты «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстен КТМКК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру және КТМКК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер функцияларын облыстардың, республикалық мәні бар қалалар мен елорданың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару бойынша жергілікті органдарының құзыретінен алып тастау ұсынылған.  

Сонымен қатар, қордың қаржылық тұрақтылығын және оның активтерінің сақталуын күшейту мақсатындағы түзетулер де қарастырылған.

 




Яндекс.Метрика