Халықаралық интеграция

«Астана» халықаралық қаржы орталығының делегациясы Нидерландпен ынтымақтастық орнатуда

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтың Нидерланд Корольдігіне сапары өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде22 Ақпан , 11:57

Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен сапарды Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі мен АХҚО ұйымдастырды.

Сапар аясында Қ. Келімбетовтың Нидерланд Қаржы министрлігі мен Орталық Банкі басшылығымен, 115 мың кәсіпорындарды жұмылдырылған Нидерланд өнеркәсіпшілері мен жұмыс берушілер конфедерациясының және «Residents Corporate Services» және т.б. компаниялар жетекшілерімен кедесулері орын алды.

«Келіссөздер барысында шетелдік капиталы бар компаниялардың салық, ұйымдастырушылық және құқықтық реттеу жүйелерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ерекше назар сенімді басқару мен корпоративтік қызмет көрсету салаларындағы озық голланд тәжірибесіне аударылды. Кездесулер аясында тараптар қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға өзара мүдделілік танытты», - делінген  хабарламада.

Оған қоса, отандық делегация Амстердамдағы Дүниежүзілік сауда орталығына (WTCA) барды. Дүниежүзілік сауда орталықтары ассоциациясы басшылығымен болған келіссөздер қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясындағы ынтымақтастықты өрбіту мақсатында «WTCA» сарапшыларының Елордаға сапарын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.




Яндекс.Метрика