Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Вьетнам темір жолы әкімшілігінің басшылары көлік саласындағы өзара әріптестікті дамытуға уағдаласты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ханойда Вьетнамның көлік министрі Чыонг Куанг Нгия мен «Вьетнам темір жолы» МК Бас директоры Ву Та Тунгпен кездесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы көлік саласындағы серіктестікті дамыту туралы уағдаласты, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде22 Ақпан , 10:54

Кездесуге ҚР» ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау қауымдастығы» ЗТБ мен «Азық түлік корпорацциясы» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде тараптар өзара халықаралық тасымалдау мен логистикалық қызметті белсенді жүргізу жайы талқыланды.

Оның ішінде Қазақстан Вьетнамнан Қытай арқылы келетін тауарларды, жасақтау мен таратудың орталығы болып, өнімдерді ЕЭО, Еуропаға шығаруды қарастыра алады. Оны кері қарай да тасымалдауға мүдделі.

Сонымен қатар Вьетнамның Дундань шекаралық өткелінен Қытайдың Пэнсен – Достық  және Алтынкөл (ҚР) станциялары арқылы Орта Азия, ЕЭО, Еуропаға шығарады.

Атап өтерлігі, ЕЭА мен ВСР арасындағы еркін сауда айналымы жөніндегі Келісімге сәйкес, 2020 жылдарға дейінгі сыртқы тауар айналымын 4 млрд. доллардан 10 млрд. долларға жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстан тарабы алғашқы қанатқақты жоба бойынша қазақстан-қытай контейнерлік терминалын пайдалана отырып, Ляньюньган порты арқылы Хошиминге жеткізді.

Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Вьетнам нарығына шығарып, Вьетнамның тропикалық және теңіз өнімдерін Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр. Тараптар екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалының артуын жүк тасымалының өсуіне ықпалын тигізетіндігіне сенімді.

Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Вьетнам темір жолы» МК арасында ҚР-ның Вьетнамдағы елшісі.

Б. Жұмахановтың қатысуымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.

 




Яндекс.Метрика