EXPO-2017

ХКБ Бас хатшысы Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықты бағалады

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесуі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 22 Ақпан, 09:51

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХҚБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Қ. Әбдірахманов Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық пен оны өткізу туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ қазақстандық дипломат Астана Көрмесі шеңберінде жоспарланған маңызды іс-шаралар туралы хабарлады. Олардың ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті және Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитінің өткізілуін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде В. Лоссерталес ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырудағы қол жеткізген жетістіктерді жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Көрменің аяқталғаннан кейін Көрменің инфрақұрылымын пайдалану туралы бастамаларының маңыздылығын белгіледі.

ХКБ Бас хатшының мәлімдеуінше мұндай Халықаралық IT-стартап Технопаркі, «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі Орталық және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы  «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізудегі ұзақ мерзімде әсерін береді.

Сонымен қатар Халықаралық ұйым жетекшісі үстіміздегі жылғы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур және Малайзия елдерінің азаматтарына үшін енгізілген визасыз режимнің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соныңда Сыртқы саяси ведомстваның басшысы В. Лоссерталеске 2017 жылғы 22-23 ақпанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларының үшінші жиынының сәтті өтіуіне тілектестік білдірді.





Яндекс.Метрика