Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Көкшетау әуежайы халықаралық әуе рейстерін жаңартады

Ағымдағы жылғы наурыздан бастап Шымкент – Көкшетау – Шымкент әуе бағдары жаңартылады. Ұшулар апта сайын жұма және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Ақмола 22 Ақпан, 09:03

Әкімдікте хабарлағандай, рейстерді сыйымдылығы 50 жолаушыны құрайтын CRJ 200 әуе кемелерінде «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ орындайды.

Сондай-ақ, 21 мамырдан бастап Мәскеу (Домодедово) – Көкшетау – Мәскеу (Домодедово) халықаралық бағдары қалпына келтіріледі. Рейсті әр жексенбі сайын Airbus A319 әуе кемелерінде «S7 Airlines» авиакомпаниясы орындайды. Авиабилет құны 48–50 мың теңгеге жуық болады. 

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының әуежайы Ақтау – Көкшетау – Ақтау, Алматы – Көкшетау – Алматы бағдарлары бойынша субсидияланған ішкі республикалық әуе рейстері орындайды. Рейсстер аптасына екі рет орындалады.

Ұшып шығу және ұшып келу уақыты Көкшетаудағы жолаушыларға Ақтау, Алматы және Шымкент әуежайларынан Солтүстік Кавказ, Ресейдің оңтүстік бөлігі, Түркия және тағы басқа өңірлерге ұшуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей таңдалған.





Яндекс.Метрика