Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Әзірбайжан депутаттары бірқатар салада ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Мәжілісте қазақстандық және әзірбайжандық парламентшілер жүздесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Ақпан , 18:57

Қазақстан тарабынан Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжілістегі қазақстан-әзірбайжан достық тобының жетекшісі Омархан Өксікбаев қатысты. Меймандар жағынан Әзірбайжан Милли Меджилисінің депутаты, әзірбайжан-қазақстан парламентаралық достық тобының жетекшісі Адиль Алиев, Милли Меджилис депутаты Нагиф Гамзаев және Әзірбайжанның Қазастандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов болды.

«Түркітілес елдерге жататын бауырлармыз, тату көршіміз»,- деп бастап әріптестерін қарсы алды Мәжілістің вице-спикері. Парламентші Қазақстан бүгінде көптеген халықаралық мәселелерді шешуде үлкен роль атқарып отырғанына тоқталды.

«Еліміздегі басты басымдық қоғамдық талқылауға шығарылып отырған Конституциялық реформалар жайында таратып айтып берді. Әзірбайжандықтарды Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне шақырды. Қазақстан Халқы Ассамблеясын ұлттар арасындағы «алтын көпір»,- деп таныстырды.

Тараптар 25 жылдан бергі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың жоғары деңгейде болып келе жатқанын жеткізіп, мемлекеттердің парламентаралық ынтымақтастық байланыстары жайында ой бөлісті.

Көлік-транзит саласында Баку-Тблиси-Карс теміржол магистралінің іске қосылуын атап өтті. Депутаттар екіжақтың саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында және де аймақтар мен әлемдегі жағдайлар жайында пікір алмасты.

 




Яндекс.Метрика