Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы еңбек нарығын жаңғыртады – Дүйсенова

Жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы еңбек нарығын жаңғыртады. Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 17:47

Министр, өткен жылы, жұмыс берушілер ұсынған 26 мыңнан астам бос жұмыс орны сол күйі жабылмай қалғанын еске салды. Аталған орындарға, білімі тек мектеп деңгейінде болғаннан кейін, экономикалық белсенді санаттағы 26 пайыз жас азаматтар қол жеткізе алмаған. Ал жоғары және орта арнайы оқу орындары түлектерінің басым бөлігінің мамандығына еңбек нарығында сұраныс байқалмаған немесе біліктіліктері жұмыс берушілердің талаптарына сай келмеген.

«Тиісті түйткілді күрделендірмей, еңбек ресурстарының біліктілігін көтеру үшін, Елбасы тапсырмасы аясында жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жасалып шықты. Басты мақсат – отандастарымызды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге немесе кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру»,- деді ол.

Осыған байланысты, бізге, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бастапқы сәтте құрылатын жұмыс орындарының санын анықтау қажет. Бұл жұмыс басталып ке,тті және алдын ала есептеулер бойынша, мемлекеттік, салалық және өңірлік даму бағдарламаларын жүзеге асыру аясында құрылатын жұмыс орындарының жалпы көлемі 154 мыңға жуықтайтын болады. с

«Сонымен қатар, азаматтарға, еңбек нарығында зәрулік сезілетін кәсіптер тізімін яки кәсіпкерліктің басым бағыттарын ұсынған абзал. Тізім, жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын кешенді жоспарға және жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтары мен электрондық ресурстарға жолдайтын бос орындарға қатысты жасақталады»,- деді  министр.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика