Үкімет

Үкіметте 2017 жылға арналған республикалық бюджет туралы жоба мақұлданды (ФОТО)

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы қаралды.
Астана қаласы 21 Ақпан, 17:41

 «Қаулы жобасы Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдарға 377,3 млрд теңге сомасында мақсатты трансферттер сомасын бөлуден; 250,1 млрд теңге сомасындағы 2017 жылға арналған басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; кейінге қалдыру шарттарымен 113,1 млрд теңге сомасында басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялар тізімінен; жалпы сомасы 438,6 млрд теңгені құрайтын, 147 позиция көлеміндегі 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізімінен тұрады», - деді Б.Сұлтанов.

Бұдан өзге, 1,5 млрд теңге сомасындағы 2016 жылдың  республикалық бюджетінен бюджеттік қаражат қалдықтарының есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлық міндеттерін ұлғайту ескерілген.

« Сондай-ақ, қаулы жобасы 4,2 млрд теңге көлеміндегі 2016 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген дамуға жұмсалатын мақсатты трансферт сомасын жергілікті атқарушы органдарға 2017 жылы толығымен пайдаланудан тұрады», - деді Б. Сұлтанов.

Қайрат Жандыбаев

 Фото: Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика