Өңірлер

Ақтөбе облысында ШОК үлесін 25% деңгейіне жеткізу міндеті қойылды

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының экономикасына мұндай үлес 22% құрайды, ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша оны 25% деңгейіне жеткізу міндеті қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе21 Ақпан , 20:46

Әкімдік жұмысының тағы бір басымдық бағыты ретінде Президент тапсырмасы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес аймақ экономикасында шағын және орта бизнестің үлесін 50%-ға дейін көтеру міндеті белгіленді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын көтеру және суармалы жерлерді ұлғайту мәселесі талқыланды. Еуропа қайта құрылымдау және даму банкі және Ислам даму банкі — халықаралық қаржы институттарымен 19,5 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жеделдету қажеттігі туралы атап көрсетілді.   

Аймақ басшысы автожолдардың сапасын көтеру мәселесіне арнайы тоқталды. Ағымдағы жылы облыс бойынша 300 километр шамасындағы автожол жөнделетін болады, бұл өткен жылғы деңгейден 2,7 есе көп.

Бұл ретте бюджетті нақтылауда автожолдарды құрылымдау үшін қосымша қаржы бөлу туралы мәселе қаралатын болады. Бұдан басқа, жөнделетін жолдардың сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету, жұмысқа «салқын регенерация» («ресайклинг») әдісімен — жергілікті инертті материалдарды және жаңа технологияны пайдалану тапсырылды.

Салалық органдарға барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау үшін екі апталық мерзім берілді.




Яндекс.Метрика