Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін тігін кәсіпорны құрылды

«Қарағандыда жасалған» маркасымен спорттық киім шығарылмақ. Қазіргі кезде тігін цехы арнайы киім тігумен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды22 Ақпан , 09:23

«M.Style Kazakhstan» кәсіпорнында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді. Бүгінде 9 мүгедек еңбек етуде, алдағы уақытта тапсырыстың түсуіне қарай жұмыс орындарының саны арттырылмақ.

«Біздің міндетіміз – мүгедектерге өмірден өзінің лайықты орнын табуға көмектесу. Бұл адамдар мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, оқып, жұмыс істегенді, қоғамға өз пайдасын тигізуді қалайды. Бүгінде елімізде жұмыс істеуге қабілетті жастағы мүгедектердің 13%  ғана еңбек етіп, ақша табады», - дейді жас кәсіпкер Данияр Ауписимов.

Басқа компаниялармен бірлесіп, ол мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету үшін қоғамдық қайырымдылық қор құрды. Өнімді сатудан түскен қаржының бір бөлігін балаларға ота жасауға жұмсау көзделген.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тігін цехында болды. Аймақ басшысы өндірісті аралап шығып, кәсіпкерлердің өтінішін тыңдады, оларға қолдау көрсетуге уәде берді. 




Яндекс.Метрика