Инфрақұрылымның дамуы

Бір тәулік ішінде Астана аумағынан 53 мың текше метрден аса қар шығарылды

Соңғы күндері Астанада қар көп жауып, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жүмыс істеуге көшті. Бір тәулік ішінде қала аумағынан 53 мың текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы21 Ақпан , 20:19

Жолдарды қардан тазалау барысында 2024 арнайы техника тартылды. Көше жинау жұмыстарына сондай-ақ, 2176 жол жұмыскері тартылды.

Қар шығару жұмыстары тәулік бойы жұмыс, демалыс және мереке күндері жүргізіледі.

Бүгін елордада бұрқасын және жел. Қазгидрометорталығының мәліметтеріне сәйкес, қазір Астанада оңтүстік-батыстан жел тұрады, оның екпіні кейде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0...-2°С, түнде -5...-7°С. Мамандардың атап көрсетуінше, мұндай ауа райы күні бойы сақталады. Желдің күші түнде де сақталады. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, Мәскеу циклонының ықпалымен бұрқасын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне ауысады.

Республикалық маңыздағы автожолдарда шектеулер енгізілді: Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды, Астана-Щучинск, Астана-Павлодар, бұл аймақта бұрқасын және 20 м/с жылдамдықпен жел соғуда. Қаланың жедел қызметтері автокөлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Жол қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

 




Яндекс.Метрика