Басқару

Қазпочта Рио-де Жанейрода өткен Паралимпиада жүлдегерлеріне арнап пошталық маркаларды шығарды

«Казпочта» АҚ «Спорт» топтамасындағы «Рио-де-Жанейродағы XV Паралимпиадалық ойындар» тақырыбындағы маркаларды пошталық айналымға енгізді.
Казахстан21 Ақпан , 19:24

Пошталық маркалардың бетінде Рио-де-Жанейрода өткен XV-ші Паралимпиадалық ойындардың жүзуден алтын жүлдегері, жаңа әлемдік рекордтың иегері - Зульфия Габидуллина және пауэрлифтингтан күміс жүлдегері Раушан Койшибаева бейнеленген, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Біздің чемпиондарымыз Зульфия Габидуллина мен Раушан Койшибаеваның пошталық маркалардың беттерінде белгіленіп, айналымға енгізілуі, еліміздің атын шығарған спортшыларымызға деген аса ілтипатымен қатар, үлкен құрмет.Коллекционерлер мен филателисттердің бұл маркаларды қадірлеп, маркалардың бетіндегі оқиғаның маңыздылығын бағалай алатындығына сенімдіміз. Бұл іс-шара дәстүрге айналып, Паралимпиадалық ойындарда алтын медальдарға жете берейік» - деп, Сулейменов Ерлан – ҚР Паралимпиадалық Комитетінің Атқарушы Директоры бөлісті.

Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 120 мм. Марканың өлшемі  28 х 40 мм. Таралымы – 15 000 дана. Суретші  К. Плужникова. Белгіленген бағасы 200 теңге. Суретші К. Плужникова. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

Осыған дейін Қазпочта Сочида өткен қысқы Паралимпиядалық ойындарға арнап марка шығарған. Сонымен қатар, «Спорт» топтамасын Геннадий Головкиннің және Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиадалық ойындардың жүлдегерлері бейнеленген маркалар толықтырған.

Рио-де-Жанейродағы XV Паралимпиадалық ойындар 7-18 қыркүйек арасында Бразилияда өтті.

 




Яндекс.Метрика