Білім беру

Ақтөбе облысында 65 мектепке дейінгі мекеме ашылады

Сондай-ақ 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды жақсарту мәселесі талқыланды, бұл қазіргі уақытта 92,9% құрап тұр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе 21 Ақпан, 17:06

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 65 мектепке дейінгі балалар мекемелерін пайдалануға беру жоспарлануда, олардың 54-і бюджеттен тыс инвестиция есебінен жүзеге асады, бұл қамтуды 95%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы аудандардың әкімдері алдына балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейін 100%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы апаттық мектептердің, ал 2019 жылға үш ауысымдық мектептердің мәселесін шешу жоспарлануда. Аталған жұмыстар аясында 2017 жылы ғана 23 мектеп құрылысы қарастырылды, бұл соңғы 3 жылдағыдан артық (2014-2016 жылдары –18 мектеп салынды).

Кеңес қорытындысы бойынша Президент белгілеген тапсырмаларды орындау бойынша нақты шаралар жоспарын бекітті. Бұл ретте аймақ басшысы оның орындалуын кеңестерде тұрақты тыңдаумен, ай сайынғы бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.  

 





Яндекс.Метрика