ҚР Президентінің Жолдауы

Л.Котельникова: Өкілеттікті қайта бөлу – қоғамды демократияландырудың кезекті қадамы (ФОТО)

Өкілеттікті қайта бөлу – қоғамды демократияландырудың кезекті қадамы, деді Алматы облыстық Қазақстанның орыс, славян және казак қауымдастығы филиалы төрағасының орынбасары Лариса Котельникова қауымдастық ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы 21 Ақпан, 15:13

Л. Котельникова  айтып өткендей, Алматы облысында  ҚР Президентінің Жолдауы мен  өкілеттілікті бөлу  тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

«Бүгін біз өңірлерден жиналдық – орыс, славян, казак ұйымдары. Әрбір өңірде  кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткіздік. Айта кетерлігі, адамдар өзгерістерге оң көзқарас білдіріп жатыр. Қазір біз қоғамды демократияландыру кезеңінде тұрмыз. Егер де мемлекет құрылу кезінде Елбасының  қатал басқаруын біз сездік», - деді ол.

Оның айтуынша,  Мемлекет басшысының өкілеттігін билік тармағы арасында   қайта бөлу билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.

«Қазір Қазақстан дағдарыс пен әлемдік дағдарысты бастан кешіріп жатыр.Біз бүгін Парламенттің өкілеттігін айтып отырмыз, себебі депутаттар халық қалаулары. Өз кезегінде, біз, қоғамдық ұйымдар  - халықтың көзіміз. Сондықтан да халықпен тығыз қарым-қатынастамыз», - деді Л.Котельникова.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика