ҚР Президентінің Жолдауы

Президенттің Жолдаулары қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған – Божко

ҚР Президентінің Жолдаулары халықтың әл-ауқатын және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған, деді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы 21 Ақпан, 14:32

«Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және мемлекеттік өкілеттіктерді бөлумен байланысты конституциялық өзгеріс, бір жағынан, ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталса, екінші жағынан, Қазақстанның әлемде болып жатқан барлық экономикалық үрдістерге немесе трендтерге сай келіп, ғылым, техника, өнеркәсіптің заманауи жетістіктері негізінде экономиканы дамытуға бағытталған», – деді В. Божко.

Сонымен бірге, спикер билікті бөлу аясында қандай жұмыстар атқарылатынына назар аударды.

«Біз көп облыстарда талқылап, оны орталық деңгейге енгізу туралы шешім қабылдадық. Мемлекет басшысы жасаған ұсыныстарды қолдаймыз, себебі барлық Жолдаулар халықтың әл-ауқатын және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Өкілеттіктерді қайта бөлу – бұл біздің қоғамымызды демократияландыруға кезекті қадам. Парламент пен Үкіметтің өзара іс-қимылын күшейту – халық, сайлаушылар және билік органдары арасындағы кері байланысты күшейту. Себебі халық пен билік арасындағы байланыс неғұрлым жақсы әрі тиімді болса, мемлекет соғұрлым тұрақты болады», – деп қорытындылады Владимир Божко.

Ақбота Күзекбай

Фото Арман Мұқатов





Яндекс.Метрика