Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда үй кезегінде тұрғандарға 4967 пәтер берілді

2016 жылы денсаулық сақтау саласына 92,1 млрд. теңге бөлінген болатын, жыл ішіндегі өсім 31,2%-ды құрады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы21 Ақпан , 19:28

2015 жылмен салыстарғанда 9 есе көп медициналық қондырғылар алынды. Жалпы, медицина орындарының жарақтануы 78,4% (Қазақстан бойынша – 72,3%). Келер жылы да қаржы көлемі осы деңгейде қалады. Бұлардан өзге, онкологиялық диспансердің қуаты 8 есе артады, жарық терапиясының замануи қондырғылары орнатылады.

Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхананың, Алатау ауданында моргтың құрылыстары басталады. 9 нысанның сейсмикалық қуатын күшейтуге 2,5 есе көп қаржы бөлінді. 2017 жылы 3 сел ден қорғау плотин асы мен бір бір қорғаныс нысанының құрылысы да жоспарланған.

Қалада екінші жыл қатарынан тұрғын үй салу рекордтық көлемге жеткен, 2016 жылы 1,9 млн. м2 үй салынған, өсім 36%, бұл - 14,2 мың пәтер. Үй кезегінде тұрғандарға  3156 пәтер берілді, кезек 17%-ға қысқарды. Биыл Атлеттер ауылын қоса есептегенде 1,5 есе (4967 пәтер) артты. Алғаш рет пәтер кезегі қағаздан электронды форматқа ауыстырылды. 

Қала көлік құрылымын дамыту мен модернизациялауға да елеулі қаржы бөлуде. 2018 жылы салынатын екі жол айрығы Кіші айналма жолды қалыптастырып, көлік легін азайтады, Алтын Орда аумағында Алматы- Бішкек жол трассасын кеңейту мұндағы көлік өткізу қабілетін арттырады. Бұлардан өзге БАКАД құрылысы да транзитті потенциалды күшейтіп, көлік- логистикалық хаб ретіндегі агломерацияны қалыптастырады.

Көлік мәселесін шешу қала экологиясына да оң әсер етеді. 2016 жылы көліктен шығатын газдардың залалын тексеру жөніндегі бақылау күшейтілді. Соның арқасында 136 млн. теңге (айыппұлдың 82%) айыппұл өндірілді. Бүгінгі күні қоғамдық экологиялық таза көліктің үлесі 60% - олар 215 троллейбус, 739 автобус.

Қала автозаправкаларының төрттен бірі газ отынын өткізеді, 2017 жылы олардың санын арттыру көзделген. Қазірдің өзінде электромобильдер үшін 27 заряд ты станци ялар орнатылған. Бүгінгі күні қалаға қосылған елді мекендерді есептегенде қала аумағының 95%-дан астамы газдандарылған, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған.




Яндекс.Метрика