ҚР Президентінің Жолдауы

МӘМС-ті енгізу дәрі-дәрмектің бағасын арзандатуға серпін береді - Кацявичюс (ВИДЕО)

МӘМС-ті енгізу дәрі-дәрмектің бағасын арзандатуға серпін береді, деді Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында МӘМС мәселелері жөніндегі консультант Гинтарас Кацявичюс.
Астана қаласы 22 Ақпан, 08:41

«Меніңше, ол үшін барлық жағдайлар жасалады. Қор жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің тізімін кеңейтуге мүдделі. Ал ол үшін аталмыш дәрілерді  арзан бағаға сатып алатын орындар керек.  Қор мен Денсаулық сақтау минпистрлігі дәрілердің арзандауына жұмыс істейтін болады», - деді шетелдік сарапшы.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмек бағасының төмендеуі ішкі қазақстандық фармацевтикалық өнімнің дамуына қатысты болады.

«Белгілі болғандай, қазір Қазақстанда жүзеге асырылатын дәрі-дәрмек көлемінің  70 пайызын қымбат емес қазақстандық дәрілер құраса,  30 пайызын қымбат импорттық  дәрі құрайды. Бұл үрдіс те қазақстандық фармацевтиканың дамуына қатысты болады», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

Видео: Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика