Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда педиаторлық қызмет жандандырылуда

Қазіргі таңда Қазақстандағы педиаторлық қызметті жандындыру бойынша іс-шаралар әзірленуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Strategy2050.kz АА-ның сауалына берген жауабында айтты.
Астана қаласы21 Ақпан , 16:24

«Медициналық білім беру  реформасын өткізуге сәйкес 2006 жылдан бастап  педиаторларды дайындау «Ортақ медицина»  мамандығы аясында жүзеге асырылып жатыр. Педиатор дәрігерлерді дайындаудың талаптары күшейтіліп, білім алудың клиникалық мерзімі екі жылға созылды. Білім беру бағдарламасының мәні мен мазмұны өзгерді», - делінген сауалда.

«Педиятрия» мамандығын  оқытудың жаңа моделін енгізу арқылы мамандық қысқарған жоқ, барлық ЖОО-ларда педиатрия мен балалар  ауруының кафедралары сақталды. Жаңа мемлекеттік стандарттарды енгізу курстар бойынша пәннің әдісіне ғана әсер етті.

«Аталмыш мамандықты дайындау  жүйесі МӘМС қызметінің  жалпыортақ дәрігерлік  тәжірибеге көшуіне  байланысты өзгерді,  ол 2005-2010 жылдарға арналған  Денсаулық сақтауды дамыту  мен Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды», - деп хабарлады министрлік.

Министрлік бүгінгі таңда Қазақстандағы педиатрия қызметін дамытуды жүзеге асырып жатыр.

Қазіргі таңда емханалық –амбулаториялық қайта құрылымдау  жұмыстары  араласқан типтегі емханалардың  құрылу көмегімен жүзеге асырылып жатыр.

Ортақ дәрігерлік  тәжірибені енгізу арқылы МӘМС-де істейтін   педиаторлардың тең бөлігі ОТД қайта мамандандырылды. Олар халықтың барлық деңгейіне қызмет көрсетеді. Ал балаларға қызмет көрсету мамандандырылған көмек деңгейіне өтті.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика