Өңірлер

Қызылорда облысында минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт салынады

Жаңақорған ауданында жылына 100 мың тонна кешенді минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда21 Ақпан , 15:59

Себебі, құрамында өсімдіктің өсуіне қажетті бейорганикалық заттары бар минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі.

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбековтің айтуынша зауыт «СКЗ-U» ЖШС жанынан ашылады. Жобаның бизнес жоспары дайын. Зауытты алматылық компаниялар жүзеге асырады. 

 




Яндекс.Метрика