Ұлттың денсаулығы

Алматының медицина орындары 78,4%-ға жабдықталған

2016 жылы денсаулық сақтау саласына 92,1 млрд. теңге бөлінген болатын, жыл ішіндегі өсім 31,2%-ды құрады. 2015 жылмен салыстарғанда 9 есе көп медициналық қондырғылар алынды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы21 Ақпан , 11:52

Жалпы, медицина орындарының жарақтануы 78,4% (Қазақстан бойынша – 72,3%). Келер жылы да қаржы көлемі осы деңгейде қалады. Бұлардан өзге, онкологиялық диспансердің қуаты 8 есе артады, жарық терапиясының замануи қондырғылары орнатылады.

Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхананың, Алатау ауданында моргтың құрылыстары басталады. 9 нысанның сейсмикалық қуатын күшейтуге 2,5 есе көп қаржы бөлінді. 2017 жылы 3 сел ден қорғау плотин асы мен бір бір қорғаныс нысанының құрылысы да жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика