Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Моңғолия атом саласындағы ынтымақтасты дамытуға ниетті

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы (Парламент) Төрағасы М. Энхболд, Тау-кен өнеркәсібі министрі Т. Дашдордж, Атом энергиясы жөніндегі комиссияның бас хатшысы Г. Манлайджав және «МОН-АТОМ» мемлекеттік компаниясының атқарушы директоры Д. Далаиджаргалмен кездесті.
Әлемде21 Ақпан , 10:56

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  хабарлағандай,  тараптар екі елдің атом саласындағы ынтымақтастығын дамытудың болашағын талқылады.

«Қазіргі кезде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орында. Әлемдік өндірістің 21 пайызына ие «Қазатомөнеркәсіп» - табиғи уранға болған сұраныстың шамамен 20 пайызын қамтамасыз ететін әлемдік нарықтағы жетекші табиғи уран жеткізіп беруші компания. Енді біз бизнесімізді реакторға дейінгі ядролық отын циклының барлық буынына әртараптандыруды жоспарлап отырмыз», - деді Асқар Жұмағалиев.

Кездесулер барысында тараптар геологиялық барлау, уран өндіру және оны өңдеу сияқты атом өнеркәсібінің ынтымақтастық үшін  өзара қызығушылық тудырып отырған бірқатар бағыттарын атады.

Тараптар сондай-ақ, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға және атом саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттестіктерін жеткізді.

 




Яндекс.Метрика