Білім беру

Алматыда балабақшалар саны 40%-ға артты

2016 жылы бала бақшалар мен миниорталықтар саны 40%-ға, олардағы орын саны 10%-ға, 58,4 мыңға өсті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы21 Ақпан , 10:37

Тек бизнес есебінен ғана 2016 жылы 175 балалар мекемесі ашылды. Бюджеттік қаржыны үнемдеу мақсатында әрі МЖС принципін пайдалану барысында жеке коттедждер мен нысандарда қазірдің өзінде 96 миниорталықтар ашылған, бұл бюджетті 10,5 млрд. теңгеге үнемдеуге қолжеткізді.

«Қала құрылысы кеңесі бекіткен жобалар бойынша 24 көп пәтерлі тұрғын үйлерде 5,3 мың орынды 37 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері пайда болады, олардың тең жартысы қаланың (2120 орынды 19 бала бақша мен орталықтар) коммуналды меншігіне беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тапшылығын азайту мақсатында 1415 орынды 7 бала бақша салынады, бұған жергілікті бюджеттен 4 млрд. астам теңге бөлінді», - делінген  хабарламада.

2017 жылы 7 мектеп құрылысы басталады, олардың 5 қалаға қосылған елді мекендерде бой көтереді.

Бұл мектепке қосымша 5,5 оқушы қабылдауға мүкіндік беріп, оқушы орнының тапшылығын 11%-ға қысқартады. Биылғы жылы Алмалы және Бостандық аудандарындағы жалпы білім беретін 22 мектеп пен 6 бала бақшаның сейсмикалық қуаты күшейтіледі.

 




Яндекс.Метрика