Евразиялық одақ

Қазақстан мен Беларусь басшылары ЕАЭО-ны дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Ақпан , 21:01

Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды.

 




Яндекс.Метрика