Адами капитал

Тозығы жеткен автомобильді кәдеге жаратуға тапсыру бойынша сертификат беріледі - ИДМ

Қазақстандық автомобиль өнеркәсібі биыл оңтайлы өзгеріс жасауы мүмкін. Бұл туралы бірінші вице-министр Альберт Рау ИДМ-ның кеңейтілген отырысында айтты.
Астана қаласы20 Ақпан , 19:52

Алқа отырысында ол  биылғы жылы министрлік ескі көліктерді жою бойынша жаңа бағдарлама жасап жатқандығын айтты.

«Энергетика министрлігімен бірлесіп, біз жаңа бағдарлама әзірлеп жатырмыз, оның аясында  тозығы жеткен автомобильді кәдеге жаратуға тапсыру бойынша сертификат беріледі. Сертефикат арқылы отандық өндірушлілерге көлікті жеңілдікпен өткізуге болады», - деді ол.

Оның айтуынша, бағдарлама Қазақстанның автомобиль паркін жаңартып қана қоймай, ішкі  өнеркәсіпті ынталандырады.

«Сондай-ақ, Қазақстанда электромобильдердің өнеркәсібі туралы даму тұжырымдамасы дайындалуда.Жыл қорытындысы бойынша  33,5 пайыз өсім қаралуда», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика