EXPO-2017

ЭКСПО-2017 үшін 1300 пәтер пайдалануға берілді

ЭКСПО-2017 көрмесі үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Осының нәтижесінде 1 300 пәтер пайдалануға берілді. Бұл жөнінде «Бәйтерек» ҰБХ» басқарма төрағасы Ерболат Досаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
Астана қаласы20 Ақпан , 17:49

Сондай-ақ, Е. Досаев ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан, ауданы 138 мың шаршы метр Mega Silkway құрылысының аяқталғаны туралы да хабарлады.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында холдингке 2016 жылы жалдамалы және несиелік тұрғын үйлердің құрылысына Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен 221 млрд 600 млн теңге бөлінді. Жоспарланған қаражат толық көлемде игеріліп, 485 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», – деді Е. Досаев.

Осылайша, 8,5 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды, оның жартысы 35 жасқа дейінгі жастар. Холдинг басшысының айтуы бойынша, 2017 жылы тағы 12,5 мың пәтер пайдалануға беріледі.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика