Басқару

Ұлттық банк базалық мөлшерлемен 11 пайыз деңгейіне төмендетті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізбен 11% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Казахстан20 Ақпан , 17:56

2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша инфляция 6-8%-дық нысаналы дәліз шегіне енді. Инфляциялық күтулердің төмендеуі, ішкі валюта және ақша нарықтарындағы тұрақтылық пен ахуалды алдын ала болжаудың артуы, іскерлік белсенділіктің қайта қалпына келуі, сондай-ақ сыртқы экономикалық жағдайлардың қолайлы болуы ақша-кредит жағдайларын жұмсартуға негіз болды.

Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі баға және қаржылық тұрақтылық арасындағы ұзақмерзімді теңгерімді көрсетеді және, тиісінше, ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсарту әлеуеті шектеулі. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мынадай факторлар ескеріле отырып қабылданды. 2017 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,9%-ды құрап баяулады және Ұлттық Банктің болжамдарына толық сәйкес келеді.

Жекелеген тауар нарықтарында, ақылы қызметтер нарықтарында бағаның жылдам өсуі инфляцияның жалпы деңгейінің серпініне айтарлықтай әсер етпейді және басқа тұтынушылық тауарлар мен қызметтер нарықтарындағы қалыпты баға үрдістерімен өтелетін болады.

 Халықтың инфляциялық күтулеріне қатысты қаңтарда жүргізілген пікіртерімге сәйкес респонденттердің инфляцияның болашақтағы деңгейіне қатысты күтулерінің байқалып отырған жақсару үрдісі олардың про-инфляциялық әрекеттерінің жұмсарғанын көрсетіп отыр. 




Яндекс.Метрика