Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда биыл түсті металдар өндірісі ұлғайтылмақ

2017 жылы түсті металдар өндірісін 110% дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Астана қаласы 20 Ақпан, 17:29

«Өндірісті, ең алдымен, Kazminerals, Қазхром есебінен ұлғайту жоспарланып отыр. Мұнда жүйелі проблемалар жоқ. Өткен жылы Қытай мен Ресейге өткізу көлемдерінің азаюына байланысты, темір кені бойынша төмендеу орын алды. Биылғы жылы өсіру үшін барлық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар жыл соңына дейін темір кені шикізаты бойынша теңгерім қалыптастырылмаған», – деді А. Рау.

Бірінші вице-министрдің айтуы бойынша, қара металлургия бойынша өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарланған. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Алайда жүйелі шаралар да бар – металл сынықтарын шығаруға тыйым салу, металл сынығын автомобиль көлігімен Ресейге шығаруға тыйым салынған.

«Қазақстандық қамту мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Құрылыс материалдары, металл прокаты бойынша – бұл тұрғын үй, инфрақұрылым нысандарын салу кезінде өнімді барынша пайдалану мәселесі. Металдардың үштен бір бөлігі Иранға сатылады. Биыл бұл ел импорттық кеден бажын көбейтпек. Түсті металлургия бойынша оң тренд байқалады», – деп қосты ол.

А. Рау атап өткендей,  өткен жылы химия саласы бойынша шағын төмендеу орын алған. Ең алдымен, ол еуропалық нарықта сары фосфорды өткізу жөніндегі проблемаға қатысты.

«Машина жасау саласы бойынша өткен жылы орын алған төмендеу көлік нарығындағы және өнеркәсіптік нарықтағы сұраныстың төмендеуіне байланысты. Автоөнеркәсіп бойынша оң өсім болады деп сенеміз», – деп анықтады А. Рау.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика