Өңірлер

2017 жылы Алматы облысының өнеркәсіптік өнім көлемін 1,6%-ға ұлғайту жоспарлануда

Биылғы жылы өңірдің өнеркәсіптік өнім көлемін 1,6% ұлғайту жоспарланып отыр, деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің Қоғамдық кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеу кезінде.
Алматы 21 Ақпан, 09:29

А. Баталов өз сөзінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында жарияланған Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындаудың 2017 жылға арналған жоспары жайлы кеңінен хабарлады.

«Биылғы жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 2,0 % өсіммен 2 трлн 379 млрд теңгені құрайтын болады. Ал ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім  603,9 млрд теңеге жетіп, 2,0 % өсуі тиіс. Ақсу қант зауыты және басқа да маңызды нысандар іске қосылады. Олардың арасында жылыжайлар, көкөніс сақтау қоймалары, мал бордақылау алаңдары, сүт-тауар фермалары бар. Өңдеу өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлінбек. Бұл орайда 2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 665,4 млрд теңгеге жеткізіп, 1,6 % өсіру жоспарланып отыр», - деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуы бойынша, басым бағыттардың қатарында инвестиция тарту, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу бар. Әсіресе, облыс орталығын, жалпы облысты табиғи газбен қамтуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Сонымен қатар әлеуметтік салаға, мәдениет пен спортты дамытуға назар аударылады.





Яндекс.Метрика