Халықаралық интеграция

Қазақстанның туристік мүмкіндігі Сингапурде таныстырылды

Сингапурде Сингапур туристік агенттіктерінің Ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған «NATAS Travel Fair 50-ші халықаралық туристік көрме өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде20 Ақпан , 20:21

Сингапур  жұртшылығы Қазақстанның туристік мүмкіндігімен танысып, 2017 жылдың басты шарасы – «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындықтан хабардар болды. Қазақстан көрме жұмысына үшінші рет қатысып отыр.  «Қазақстан – Ұлы дала елі»  тақырыбындағы павильонды Қазақстанның Сингапурдағы елшілігі  ұйымдастырды.

Қазақстандық павильонның негізгі мақсаты қазақстандық туристік өнімнің сингапурлықтар  арасында   насихатталуына, ЭКСПО көрмесіне туристерді тарту болып табылады.

Қазақстандық павильонды аралау сәтінде  Сингапур туристік агенттіктерінің Ұлттық қауымдастығының Президенті Дэвиндер Ори Қазақстанға сингапурлық туристердің көбейгенін атап өтті. Астанадағы ЭКСПО көрмесіне Сингапур да қатысатынын жеткізді.

Үш күн ішінде көрмеге  111 мың адам келді. Қазақстандық павильон  8 мың  адам келді.




Яндекс.Метрика