EXPO-2017

Чехиялық сарапшылар ЭКСПО-2017 тұжырымдамасының бірегейлігін бағалады

Прагада өткен «Holiday World» халықаралық көрмесінің чехиялық және шетелдік қатысушыларына Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің моделі әсер қалдырды.
Әлемде20 Ақпан , 18:58

ҚР Сыртқы істер министрлігі көрме ғимаратының бірегейлігімен қатар, қонақ үйлерді, сауда орталықтарын, банктерді, мейрамханалар мен басқа қолайлылықтарды қамтитын ЭКСПО аумағының абаттандырылуы да әсер қалдырғанын хабарлады. «Holiday World» көрмесінде біздің дипломаттарымызға Қазақстанға визаны қалай ресімдеуге болатыны және Астанаға жету үшін қандай оңтайлы әуе бағдарын таңдау керектігі туралы сұрақтар жиі қойылды.    

«Алдымен, мен оны ай станциясының жобасы немесе болашақ қаласының нобайы деп ойладым. Кейін Дубаи немесе Токиодағы мега-жоба деген шешімге келдім. Алайда, Қазақстанда осыған ұқсас ЭКСПО орталығы бар әдемі қала салынғанын білгенде, таң қалдым», - деді Прагадағы көрме қонақтарының бірі.

Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша дайындық жұмысы, Қазақстанның жаңа виза саясаты, елдің туристік әлеуеті мен туристік бағыттары туралы толық ақпарат берді.

ҚР СІМ жасыл технологиялар саласында бай тәжірибесі бар Чехия ЭКСПО-2017 көрмесінде өз павильонын ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алдағы көрменің ашылу рәсіміне Чехия Президенті Милош Земан келеді деп күтілуде.

«Holiday World» халықаралық көрмесі Прагада жыл сайын өтіп, әлемнің ең белгілі туристік компанияларын тартады. Іс-шара Чехияның Өңірлік даму министрлігінің және «CzechTourizm» туризмді дамыту агенттігінің қолдауымен өтуде. Биылғы жылы 26-шы «Holiday World» халықаралық көрмесіне әлемнің 50-ден астам елінен өкілдер қатысты. 




Яндекс.Метрика