Инновациялар

Қарағандыда халықаралық робототехника фестивалі өтеді

Қарағандыды робототехникадан ІІІ «Roboland 2017» халықаралық робототехника фестивалі өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды20 Ақпан , 20:42

Фестиваль 22-23 сәуірде өтеді. Қатысуға өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Ұйымдастырушы – Қарағанды облысының білім басқармасы.

Фестиваль бағдарламасы аясында робототехника, техникалық шығармашылық, бағдарламалау және жобалаудың түрлі бағыттары бойынша балаларға, оқытушыларға, студенттерге, ата-аналарға арналған оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптары өткізілмек. 

Фестивальда білім саласында робототехниканың қалай пайдаланылатынын білуге, сондаай-ақ, арнайы ұйымдастырылған көрмеде жаңалықтармен танысуға болады. Шара аясында оқушылар, колледж студенттері мен білім орталықтары өкілдерінің арасында робототехникадан жарыс ұйымдастырылады.

Оқушылардыы, колледждердің студенттерін, білім орталықтаарының өкілдерін жарысқа қатысуға шақырамыз. Қатысушылардың жасы - 11-ден 17-ге дейін.

Олар түрлі санаттар бойынша сайысқа түседі, мысалы, механикалық сумо, квадрокоптерлер мен билейтін роботтар жарысы, боттарды бағдарламалау және виртуалды шынайылықты жасау және т.б.

 




Яндекс.Метрика