ҚР Президентінің Жолдауы

Қоғам қайраткерлері Қазақстан мен Беларусьтің стратегиялық бағдарламаларының үндестігін атап өтті

Қоғам қайраткерлері Қазақстан достар клубының Минскте өткен отырысында Қазақстан мен Беларусьтің стратегиялық бағдарламаларының өзара үндестігін атап өтті, Клубқа қатысушылар Қазақстанның саяси өмірі мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 21 Ақпан, 08:41

Қатысушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қаңтардағы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін және Президенттің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Іс-шара Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің бастамасымен өтті.

Қазақстанның елшісі Ерғали Бөлегенов Клуб мүшелеріне дайындалып жатқан саяси және конституциялық реформалардың мәні туралы ақпарат беріп, олардың мәні мен мақсатына баса назар аударды.

БР Ұлттық жиын (ҰЖ) өкілдері палатасының вице-спикері Болеслав Пирштук Қазақстан мен Беларусьтің стратегиялық бағдарламалары, әсіресе шағын және орта бизнесті, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде өзара үндесетінін атап өтті. Осы тұрғыдан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енген Қазақстанның тәжірибесі Беларусь үшін аса маңызды.  

Бұдан бөлек, қатысып отырғандар Қазақстанда және Беларусьте берік саяси жүйелердің қалыптасқанын атап өтті. 





Яндекс.Метрика