Өңірлер

Ақмола облысы Астананы құлпынай және таңқураймен қамтамасыз етеді

Биылғы жазда елорда тұрғындары жас жидекпен қамтылады.
Ақмола 20 Ақпан, 17:02

Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса ауылында рекреациялық жидек фермасы «Algabas Agri Fruit» ЖШС жұмыс істей бастады.  Ол арнайы таңқурай мен құлпынай өсіріп шығаруға мамандандырылған, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат  басқармасы өңірлік коммуникация  қызметі.

«Тұқымның өнімі мол, әрбір өсімдік  бір маусымда  2 келі құлпынай береді, биылғы жылы  3 тонна өнім шығатынын күтіп отырмыз. Тұрғындарды таза табиғи өніммен қамтуға ниеттіміз», - деді «Algabas Agri Fruit» ЖШС директоры  Нұрлан Апушев.

Сондай-ақ, «Алғабас Агрифуд» ЖШС  Viveros Campiñas (Испания) еуропалық тәлімбақтың ресми өкілі атанды.  Отырғызу маусымына дейін фирма Қазақстанға млн-ға жуық өсімдік жеткізеді.  Жолға шыққаны  350 мың көшет. Жеткізудің негізгі көлемі – «Альбион» тұқымды құлпынай.

Фермерлер 1 га жерден 1,5 тонна көлеміндегі  құлпынайды алды. 





Яндекс.Метрика