Парламент

БҒМ басшысы «Күнделік» жүйесінің қажеттілігін түсіндірді

Мектептерде «Күнделік» жүйесін енгізу қажеттілігі туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.
Астана қаласы20 Ақпан , 14:56

«Бүгінде  166 мың мұғалім мен 1,3 млн оқушы,747 мың ата-ана онлайн жүйені қолданып жатыр. Қазіргі таңда аптасына  20 млн баға  мен мектепке бару көрсеткіші онлайн қойылады. Ата-аналардан үй тапсырмасын білу туралы  жеті милионнан астам өтініш келіп түсті. Негізгі қызметтер мен бағалар, үй тапсырмалары, календарлық жоспарлар – тегін жүзеге асырылады. Барлығы «сандық» жүйеге өтеді, интернет  жыл соңына дейін  барлығын тапсыруға мүмкіндік береді. Мемлекет оған қаржы жұмсамайды», - деді Е.Сағадиев.

Министр қазақстандық емес, ресейлік әзірлеушінің неге таңдалғанын түсіндіріп өтті.

«Біздің алдымызда мектеп бухгалтериясын біріктіріп  бір ортақ бухгалтерия құру  мақсаты тұр. Біз сараптама жасадық. Елдің барлық бухгалтериясы мен БҒМ «1С» жүйесінде отыр. Бұл да ресейлік бағдарлама,  20 жыл көлемінде біз оған ЖИК пен жалақыны сеніп тапсырып отырмыз. Егер «Күнделік» БҒМ мен әкімдікке, ата-анаға  әрбір баға мен үй тапсырмасын онлайн режимде көріп отыру мүмкіндігін берсе,  жинақ бухгалтериясы барлығына әрбір мектептегі сатып алуды көрсетіп отырады», - деді Е.Сағадиев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика