Парламент

Қазақстандық мектеп түлектеріне ҰБТ үйде онлайн режимінде тапсыруға рұқсат беріледі

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатында биыл ҰБТ үйде өтуі мүмкін екенін хабарлап, ҰБТ үйде тапсыру сынақ режимінде ғана іске қосылатынын атап өтті.
Астана қаласы20 Ақпан , 13:09

«Біз жоғары білімге қолжетімділікті оңайлату қажет деп санаймыз, бұл біздің философиямыз. Биылғы жылы ҰБТ үйде өтуі мүмкін. Біз POS-терминалдарды қостық, қазір баланың үйден төлем жасап, ҰБТ онлайн өтуі үшін банктермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Көптеген мектептер ҰБТ сынып форматында өткізу үшін кітапшалар сұрайтындықтан, 300 мың кітапша басып шығардық. Егер керек болса, тағы 500 мың кітапша басып шығарамыз», – деп қосты Е. Сағадиев.

Министрдің айтуы бойынша, ҰБТ шекті деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 2016 жылы қосымша 17 мың бала оқуға түсті.  

«Біз ҰБТ-ны халықаралық стандарттар жағына қарай біртіндеп өзгертуіміз қажет. Оқушылар ҰБТ дайындалмай, оқуы керек. Біртіндеп жаңа стандарттар енгізіліп жатыр. Ол емтихан және оған дайындалу мүмкін емес. Тек 11 жыл бойы жақсы оқу қажет», – деп хабарлады Е. Сағадиев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика