Парламент

Жаңа оқулықтар сараптама мен апробацияның міндетті рәсімінен өтуде

Жаңа оқулықтарды енгізу нақты алгоритмді болжайды: үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сараптама, апробация және кейіннен оқулықтар мен ОӘК басып шығару. Сараптама мен апробация – маңызды кезеңдер. Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнар Иксанова Мәжілісте өткен «ҚР білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» үкімет сағатында хабарлады.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:32

«1 және 2 сыныптарға арналған оқулықтарды апробациялау процесі бір жыл ішінде қыркүйек – қаңтар аралығындағы кезеңде өткен. Ал 5, 7 сынып оқулықтары бойынша оны мүлде өткізбеу туралы шешім қабылданған болатын. Қателер мен кемшіліктер мұғалімдердің наразылықтарын туғызады. Олар оқу бағдарламаларында да және оқулықтарда да көрсетіледі – жас ерекшеліктеріне сәйкес келмеу, фактологиялық материалдарының жеткіліксіздігі немесе тым көп болуы. Оқу бағдарламаларын қалыптастыру қағидаттары білім беру деңгейлерінің сабақтастығы мен пәнаралық байланыс талаптарына үнемі сәйкес келе бермейді», - деді Г. Иксанова.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 65-тармағында білім берудің жаңартылған мазмұнын әзірлеуде НЗМ тәжірибесін көрсету көзделеді, бұл іс жүзінде оқыту мен тренингтерді ұйымдастыруды білдіреді.

«Осы ретте 1 сыныпқа арналған оқулықтар мен ОӘК әзірлеуге НЗМ нысаналы салым бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 328 млн теңге бағыттады. Жергілікті атқарушы органдар  1 сыныпқа арналған оқулықтарды сатып алуға 2016 жылы 6,3 млрд теңге жұмсаған. Демек, мемлекет оқулықтар жиынтығының бір бөлігі үшін екі рет төлеген», - деп атап өтті Г. Иксанова.

Сондай-ақ ол жаңартылған мазмұнға көшу педагог кадрлардың деңгейі мәселесін көтеретінін де атап өтті.

«Педагог кадрлардың тапшылығы жағдайларында (13 547 адам) мемлекет педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін едәуір қаражат бөліп отыр. 2016 жылдың өзінде ғана білім берудің барлық деңгейлері бойынша біліктілікті арттыруға 11 млрд теңгеге жуық қаражат, соның ішінде тілдік курстарға 483 млн теңге бөлінген.  Биыл қаражат өткен жылға қарағанда 23 есе артық бөлінген», - деп атап өтті Г. Иксанова.

Ол жаңартылған мазмұнды бағдарламалар бірінші сыныптарда іске асырылатынын айтты.

«Бірінші сынып мұғалімдері үшін 2016 жылғы мамыр – қазан аралығындағы кезеңде бастауыш мектеп бағдарламалары бойынша курстар өткізілген. 2016 жылғы төртінші тоқсанда 3 мыңнан астам бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттырудан өткен», - деп хабарлады Г. Иксанова.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика